Өскемен
облачно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -21°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -29°
  • Қостанай
    -30°
  • Қызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -24°
  • Петропавловск
    -32°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    -5°
$
505.71
-0.99
591.43
-1.71
¥
72.51
-0.25
6.65
+0.12
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияға бақылауды күшейтуді тапсырды

Былтыр Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Самар, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Марқакөл аудандарына субсидия алған шарушылықтар мал басын сақтау міндеттемелерін орындамаған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияға бақылауды күшейтуді тапсырды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс басшысы бұл аудандардың әкімдеріне малға берілген субсидияларды қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстың ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде жиын өтті. Оған басқарма басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері қатысқып, саладағы түйкілді тақырыптар талқыланды.

Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков Қалғұты ауылдық округінде мал бордақылау алаңын, ет өңдеу зауытын іске қосу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді. Ал Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов Алмасай ауылдық округінде орналасқан "Уақ" ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басын көбейту және өндірістік инфрақұрылымды кеңейту мақсатында биыл мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов мал бордақылау алаңдарының салу жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді. Облыс әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда саладағы өзекті мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсынды.

2025 жылғы 20 мамырдан 22 тамызға дейін ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ауыл шаруашылығы басқармасына мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Соның нәтижесі бойынша басқарма 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 1 284 бас ірі қара малға субсидия бергені, алайда олар мал басын сақтау міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Бұл Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Самар, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Марқакөл аудандарына қатысты. Сондықтан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері субсидияланған мал басының сақталуына тоқсан сайын мониторинг жүргізіп отыруы қажет, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жаннат Көшерова.

Жиын соңында Нұрымбет Сақтағанов аталған аудан әкімдеріне малға берілген субсидияларды қайтару жұмыстарын жүргізуді, субсидиялар ережелері талаптарының орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Әрбір ауданда 2026-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бекітілген квотаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен жобаларының нақты тізімі дайындалуы қажет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидияланған мал басын сақтау міндеттерін орындамаудың жеке жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Құзырлы басқармалар ет өнімдерін экспорттау жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс, - деді аймақ басшысы.


Следующая →