ШҚО мектептері бүгін де қашықтықтан оқып жатыр
Бүгін таңетең облыстың бірқатар ауданында сыртқы ауа температурасы -29 градустан -40 градусқа дейін төмендеді

Осыған байланысты Ұлан, Самар, Шемонаиха, Катонқарағай, Алтай, Тарбағатай ауданының оқушылары мектепке барған жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлан ауданында 20 қаңтар күні ауа температурасының –29°С-ке дейін төмендеуіне байланысты мектептерде 1-ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді:
- Клименко орта мектебінің 1-11-сыныптары
- Ақжолов атындағы негізгі мектептің 0-9-сыныптары
- Сейфуллина атындағы негізгі мектептің 0-4-сыныптары
- Асубұлақ орта мектебінің 0-4-сыныптары
- Герасимов орта мектебінің 0-4-сыныптары
- Б. Ахметов орта мектебінің 0-4-сыныптары
- Қанай орта мектебінің 0-4-сыныптары
Күршім ауданында ауа температурасының -17 ден -37 градусқа дейін, Алтай ауданында -34 тен -42 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
Катонқарағай ауданында -29- 37 градус аязға байланысты:
- 0-4-сыныптар - Үшбұлақ бастауыш мектебі, Жазаба бастауыш мектебі
- 0-9-сыныптар - Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі
- 0-11-сыныптар - Аршаты орта мектебі, Аққайнар орта мектебі, Барлық орта мектебі, Коробиха орта мектебі, Ақсу орта мектебі
Шемонаиха ауданы бойынша ауа температурасы -29 градус нөлден төмен: Верх-Уба орта мектебінің 1-4-сыныптар қашықтан оқиды. Сондай-ақ, су болмауына байланысты Большеречка орта мектебі қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Самар ауданы бойынша ауа температурасы –26-дан –40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 20 қаңтар күні аудан бойынша 18 мектеп қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі. Тек қана “Пантелеймоновка негізгі мектебі” КММ штаттық режимде жұмыс істейді, себебі ауа температурасы –26 градус.
Тарбағатай ауданы бойынша 20 қаңтар күнгі ауа температурасы -29-37 градус аралығында. Аудан бойынша 28 (0-11 сыныптар ) білім беру ұйымдарында сабақ онлайн режиміне ауыстырылды. 1 мектеп штаттық режимде (Жаңаталап орта мектебі).