Өскемен
облачно
-24°
  • Өскемен
    -24°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -9°
  • Орал
    -16°
  • Қарағанды
    -19°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -12°
  • Шымкент
    -4°
$
509.63
-2.53
592.34
-2.38
¥
73.19
-0.30
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде №1 емханадағы күрделі жөндеу аяқталды

2025 жылдың шілде айында басталған жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде №1 емханадағы күрделі жөндеу аяқталды
Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов

Дегенмен жөндеу жүріп жатқанда да халыққа медициналық көмек көрсету тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов емханаға барып, күрделі жөндеу жұмыстарының қорытындысын тексерді.

№1 емхана - облыс орталығындағы ірі медициналық мекемелердің бірі. Мұнда 66 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 25 мыңнан астам бала тіркелген. Емхана құрамында 423 қызметкер жұмыс істейді, олардың қатарында 80 дәрігер мен 228 орта буын медицина қызметкері бар.

Бұл емхана 1971 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп отыр. Жөндеу барысында инженерлік және электр желілері толық ауыстырылып, жылыту жүйесі, соның ішінде радиаторлар жаңартылды. Сонымен қатар санитарлық тораптар, терезе мен есік блоктары ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Енді емхананың сырты жаңартылып, аумағы абаттандырылады. Дәрігерлердің таза әрі қолайлы ғимаратта жұмыс істеуі, ал тұрғындардың жылы әрі жайлы жағдайда ем қабылдауы - біздің басым бағыттарымыздың бірі, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО №1 емхана Күрделі жөндеу аяқталды