Бүгін ШҚО оқушылары мектепке бармайды
Облыстың барлық аудандарында ауа температурасының төмендеуіне байланысты сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

Фото:
pexels
19 қаңтарда аязға байланысты бірінші ауысымның 0-11-сыныптары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Білім беру басқармасы хабарлағандай, Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Марқакөл, Самар, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының барлық мектептерінде бірінші ауысымның 0-11-сынып аралығында сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.