Өскемен ЖЭО мектептегі хоккей қорабына жарық тартып берді
Кәсіпорын №7 мектептің алдындағы мұз айдынына заманауи әрі қуатты жарық шамдарын орнатуға көмектесті

Енді балалар қараңғы уақытта да қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда ойнап, жаттығу өткізетін болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұз айдынын қолдау жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін Өскемен ЖЭО-сының қолдауымен хоккей қорабына жаңа қоршау орнатылған болатын. Кәсіпорынның үлесі тек қаржылық қолдаумен шектелмейді — жарық шамдарын орнату жұмыстары станция қызметкерлерінің өз күшімен, кәсіпорын техникасын пайдалана отырып атқарылды, - деп мәлімдеді Өскемен ЖЭО баспасөз қызметі.
Айта кету керек, дәл осы мектептің мұз айдынында жаттығатын "Ульбинка" хоккей командасының жаттықтырушысы — Өскемен ЖЭО-сының орталықтандырылған жөндеу цехінің шебері Николай Сидоров. Ол мұзды өзі құйып, қораптың жағдайын қадағалап, балаларды тұрақты түрде жаттығуға жинайды.
Сонымен қатар Николай Сидоров ұзақ жылдар бойы Өскемен ЖЭО қызметкерлері үшін де сырғанау кештерін ұйымдастырып, қарапайым қысқы кештерді спорт, бірлік және командалық рух алаңына айналдырып келеді.
Мұз айдынындағы жаңа жарық — бұл ең алдымен қауіпсіздік пен жайлылық. Сонымен бірге бұл — қызметтік міндеттен емес, ішкі жауапкершілік пен жан қалауынан туған шынайы қамқорлықтың көрінісі.