Өскемендік оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты
Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің оқушылары Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде болды

Танымдық шараны Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Кездесу барысында мектеп оқушылары әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігімен, жауынгерлердің қызметі мен тұрмыс жағдайымен танысты. Әскери қызметшілер қонақтарға бөлімнің тарихы, негізгі міндеттері, әскери тәртіп пен дайындық ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар, оқушыларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері көрсетіліп, олардың қолданылу мақсаты түсіндірілді.
Біздің басты мақсатымыз — жасөспірімдерге әскери қызметтің маңызын түсіндіру, отансүйгіштік рухты нығайту және болашақта Отан қорғаушы болуға ынталандыру, — деп атап өтті ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі майор Әсет Адамбаев.
Оқушылар әскери қызметшілерге қызықтырған сұрақтарын қойып, армия өміріне қатысты пайдалы ақпарат алды.
Әскери бөлімге алғашрет келіп тұрмыз. Сарбаздардың тәртібі мен ұйымшылдығы қатты ұнады. Болашақта әскери мамандықты таңдауға қызығушылығым артты, — деді 6-сынып оқушысы Виталий Копелев.
Мұндай ашық есік күндері жас ұрпаққа әскери қызметтің мәні мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар Отан қорғау – абыройлы әрі жауапты міндет екенін өз көздерімен көріп, әскери тәртіп пен патриоттық рухтың маңызын сезінеді.


