ШҚО-дағы бірнеше республикалық жол жабылды
Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты облыстағы бірнеше бағытаттағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасына дейін, Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін, Глубокое ауылы бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін, Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі жолда барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпараты бойынша 12 қаңтар сағат 10.30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
- "Өскемен – Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы). Жолды 13 қаңтар сағат 08.00-де ашу жоспарланған;
- "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое ауылы бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін).
- "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 7-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін). Жолды 13 қаңтар сағат 08.00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.