Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    +1°
$
511.26
+5.73
597.61
+4.17
¥
73.06
+0.73
6.32
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ұландықтар ардагерді жаңа жылмен құттықтады

Ұлттық ұланның №3477 әскери бөлімі Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Анастасия Светочева Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ұландықтар ардагерді жаңа жылмен құттықтады
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ғасыр көрген ардагердің Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі және соғыс жылдарындағы еткен еңбегі - кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ардагер "Ленинградты қорғағаны үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияныжеңгені үшін", 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің штаб бастығы подполковник Денис Шемет Анастасия Павловнаға сыйлықтар табыстады. Аяз ата мен ақшақарға айналған әскерилер мереке көркін одан сайын қыздыра түсті.

Жаңа жыл мерекесі балғын балақайларға ғана емес, көнекөз қарттар үшін де айтулы мейрам. Олар ескі жылдан сабақ алып, жаңа жылға жаңа арманмен  аяқ басады. Жүзден асқан ардагермен әрдайым тығыз қарым-қатынастамыз. Кез келген атаулы мерекеде шаңырағына бас сұғып, құттықтаймыз. Әрқашан, кейуананың  жай-күйін біліп, құрмет таныту  біздің әскери бөлімнің дәстүріне айналған, - дейді №3477 әскери бөлімінің штаб бастығы Денис Шемет.

Анастасия Павловна ғасырдан асқан жасына қарамастан, әлі де тың. Ол барша әскери ұжымға керемет мерекелік көңіл сыйлағандары үшін алғысын айтты. Жасамыс "мен өткерген сұрапыл жылдарды емес, менің ұзақ жасымды сендерге берсін" деп әскерилерге ақ тілектерін жаудырды.

Следующая →