Өскемен
ясно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -22°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +9°
$
504.6
594.27
¥
72.01
6.48
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы орманшыларға жаңа қызметтік техника кілттері табысталды

Биыл Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірге шамамен 4 млрд теңгеге 122 техника және облыстық бюджет есебінен 240 млн теңгеге 16 жоғары өтімді арнайы техника алынды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы орманшыларға жаңа қызметтік техника кілттері табысталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін орман шаруашылықтарына жаңа өрт сөндіру көліктері, "Беларусь" тракторлары, орман өртін сөндіретін шағын кешендер, автокөліктер мен мотоциклдер тапсырылды,деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жалпы Қазақстан аумағындағы орман алқаптарының үлесі небары 5 пайызды құрайды.

Сондықтан елдің "жасыл өкпесін" сақтаудың маңызы зор. Ал орман қорының 40 пайызы Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Жыл соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сала мамандарына жаңа қызметтік техникалардың кілттерін табыстады.

Соңғы жеті жыл ішінде бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асатын 107 техника сатып алынған. Ал биыл Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 4 млрд теңгеге 122 техника және облыстық бюджет есебінен 240 млн теңгеге 16 жоғары өтімді арнайы техника алынды. Бұдан бөлек, демеушілік қолдау да көрсетіліп жатыр.

Бүгін жаңа өрт сөндіру көліктері, "Беларусь" тракторлары, орман өртін сөндіретін шағын кешендер, автокөліктер мен мотоциклдер өңірдегі орман шаруашылықтарына тапсырылды. Бұл техника орманды қорғау, қызыл жалынның алдын алу, өрт шыққан кезде жедел әрекет ету және орманды қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылатын болады.

Осы техникалар сіздердің жұмыстарыңызда сенімді серік болып, орманымызды қорғауға көмегін тигізсін. Бұл қадам еңбек жағдайларын жақсартуға және Шығыс Қазақстанның орман қорын қорғауға бағытталған. Сіздерге қауіпсіз қызмет тілей отырып, келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →