ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
ШҚО ТЖД шығысқазақстандықтарға 26 желтоқсанда ауа райы күрт құбылатынын ескертті

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша ертең түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Ал күндіз жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың оңтүстігінде күн тұманды болуы мүмкін.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қаласында да күндіз жауын-шашындыр, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Мұндай ауа райында ұзақ сапарға шықпаған жөн. Егер шұғыл шығу қажет болса, мұндай жолға мұқият дайындалу қажет.