ШҚО әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті
Оған өңірдің түкпір-түкпірінен ерекше қажеттіліктері бар 150 бала келді

Түрлі ертегі, мультфильм кейіпкерлері болып киінген балалар көтеріңкі көңіл күймен би билеп, қуыршақтар қойылымын тамашалап, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге шыршаны айнала ән салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңажылдық шыршаға қатысқан барлық 150 балаға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат пен тәттілер табысталды.
Қымбатты балалар! Тарихымызды танып, білімге құштар болыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен болашаққа деген сенім тілеймін! - деп тілегін білдірді Нұрымбет Сақтағанов.