ШҚО-да отшашуды сертификатсыз сатқандар айыппұл арқалады
ШҚО-да полиция мен құтқарушылар сертификатталмаған пиротехника саудасының алдын алу үшін тексеріс жүргізуде

Өңірдегі рейдтік топтар контрафактілік өнімнің 60 бірлігін тәркіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Контейнерлерден тыс, лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың ашық сөрелерден, автокөліктерден, шатырлардан, қолдан және өткелдерде пиротехникалық бұйымдарды сатуына қатаң тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 196-бабы бойынша 8 хаттама толтырылды.
Пиротехникалық бұйымдарды бөлшек саудада сату өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін, оған тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын дүкендерде, павильондар мен киоскілерде жүзеге асырылады. Ғимараттардың орналасуы төтенше жағдайларда адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмеуі және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, – деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Петарда, фейерверк және бенгаль оттарын сатып аларда:
- өнімнің сертификатталғанын тексеріп, пиротехниканы пайдалану ережелерімен міндетті түрде танысыңыз;
- сақтау және сату мерзіміне назар аударыңыз: егер тауардың мерзімі өтіп кетсе, оны қолдануға қатаң түрде болмайды;
- қаптамасы бүтін болуы тиіс. Фейерверктерді ғимараттарда және пәтерлерде іске қоспаңыз;
- зымыран атқыштарды тұрақта тұрған автокөліктер мен құрылыстардың маңында қолданбаңыз. Іске қосу аймағында 50 метр радиуста өрт қауіпті нысандар болмауы тиіс.
- балалардың петардаларды атуына қатаң тыйым салынады.