Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    +1°
$
510.18
-4.84
601.91
-2.31
¥
72.6
-0.59
6.51
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО энергетиктеріне былтырдан бері баспана алуға көмек көрсетілуде

"Шығыс маманы" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 пәтер, ал 2025 жылы 19 пәтер жеңілдетілген несие шарттарымен сатылған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО энергетиктеріне былтырдан бері баспана алуға көмек көрсетілуде
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Энергетиктер күніне орай аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен салтанатты жиын өтіп, сала мамандары марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Салтанатты шара барысында сала үздіктері "Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін" медалімен, "Құрметті энергетик" төсбелгісімен, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл саланың барлық уақытта мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде және қоғамның әл-ауқатын арттыруда стратегиялық маңызы бар. Күн сайын, жыл мезгіліне және ауа райы жағдайларына қарамастан, сіздер жоғары жауапкершілікпен кәсіби міндеттеріңізді атқарып, халықты энергиямен қамтамасыз етіп келесіздер, - деді облыс әкімі.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда 2031 жылға дейін жалпы қуаты 670,6 МВт болатын жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу көзделген. Оның ішінде 148,6 МВт жаңартылатын энергия көздері есебінен қамтамасыз етілмек.

Өңірде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту мақсатында бірқатар жоба қолға алынған. Жалпы қуаты 1 322 Гкал/сағатты құрайтын жылу көздерін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Следующая →