Күршім ауданының өнерпаздары бас жүлдеге ие болды
ШҚО-да "Туған жер – алтын бесігім" жобасы аясында қорытынды гала-концерт өтті

Фото:
Устинка LIVE
Өскеменде үш ай бойы апта сайын облыстың әр қаласы мен ауданының мәдени күндері өтіп келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аудандар мен қалалардың шығармашылық ұжымдары концерт қойып, рухани азық сыйлады. Жоба аясында туған жерге деген құрмет нығайып, өңір руханияты байыды.
Жобаның қорытынды гала-концертінде үздік аудан анықталды:
- "Өнер – достықтың алтын көпірі" номинациясы - Шемонаиха ауданы
- "Сахна мәдениетін ерекше сақтаған" номинациясы - Зайсан ауданы
- "Өнерге талпыныс" номинациясы - Самар ауданы
- "Үздік көрме" номинациясы - Катонқарағай ауданы
- "Сахна шеберлігі" номинациясы - Алтай ауданы
- "Туған өлкенің өнер шамшырағы" номинациясы - Үлкен Нарын ауданы
- "Көрермендер көзайымы" номинациясы - Глубокое ауданы ы
- "Креативті ұжым" номинациясы - Риддер қаласы
Жүлдегерлер:
- ІІІ орын - Марқакөл ауданы
- ІІ орын - Ұлан ауданы
- І орын - Тарбағатай ауданы
- Бас жүлде - Күршім ауданы