Өскемен
пасмурно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -18°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    +2°
$
514.31
-5.30
603.03
-7.10
¥
73.01
-0.72
6.4
-0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық параспортшылар облыс әкімінің сыйлығына ие болды

Жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындарында (Дубай қаласы) шығысқазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық параспортшылар облыс әкімінің сыйлығына ие болды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік күніне орай спортшылар облыс әкімінің қабылдауында болып, салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл жарыстарға әлемнің 50 елінен 1300-ден астам спортшы қатысты. Біздің спортшылар жоғары шеберлігін ғана емес, ең бастысы мықты мінезін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына 68 медаль түсті: 25 алтын, 23 күміс және 20 қола, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Алғыс хаттар мен 300 000 және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды. Аймақ басшысы оларға зор денсаулық пен жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетулерін тіледі.

ШҚО параспортшылары (2).jpg

Чемпиондарымызды атап өтсек:

  • Виктор Волков (паражүзу),
  • Ольга Романькова (параармрестлинг),
  • Матвей Пахомов (паражүзу),
  • Кирилл Ресслер (паражүзу).

Жаттықтырушылары:

  • Оксана Макарова,
  • Евгений Сизинцев,
  • Сергей Соколов.

Бүгінде ШҚО-да 1628 спорт нысаны жұмыс істейді (оның 563-і қалаларда, 1065-і ауылдарда орналасқан). Бұл бұқаралық және инклюзивті спортты жүйелі дамытуға, спортшыларды даярлауға және түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Следующая →