ШҚО ПД жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын жаңа тәсіл тапты
ШҚО ПД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Өскемен қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандырды

Бұл бастама жол апаттарын азайтуға және жаяу жүргіншілерді қорғауға арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қарқынды көлік қозғалысы байқалатын учаскелердің бірінде заманауи талаптарға сай реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды.
Арнайы құрылғы жолдың өтетін бөлігі - ақ-сары жолаққа жарық түсіріп, жаяу жүргіншілер жақындағанда автоматты түрде қосылады. Бұл қараңғы түскен уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында өткелдің анық көрінуін қамтамасыз етеді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция әрбір жүргізуші жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті екенін еске салады.