ШҚО-да халықаралық Аяз ата – Ақшақар фестивалі өтеді
Фестивальға 120-дан астам Аяз ата мен Ақшақар жұбы қатысады деп жоспарлануда

Шығысқа көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарынан қонақтар келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл шара өңірдің қысқы көркін паш етіп қана қоймай, жаңа жыл қарсаңында тұрғындар мен қонақтарға ұмытылмас әсер сыйламақ.
Мерекелік шаралар екі күнге жоспарланған. 19 желтоқсанда фестиваль Риддер қаласында басталса, 20 желтоқсанда "Алтай Альпілері" тау-шаңғы кешенінде және Өскемен қаласында жалғасады. Қонақтарды қызықты қысқы ойын-сауық, концерттік бағдарлама, байқаулар мен түрлі мәдени шаралар күтеді. Сонымен қатар, 20 желтоқсан күні сағат 15.00-де Аяз атаның резиденциясы ашылады, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
"Аяз ата, Ақшақар – 2025" фестивалі – балалар үшін шаттыққа, ересектер үшін жылы естеліктерге толы мереке. Ол Шығыс Қазақстан тұрғындарын біріктіріп, өңірдің қысқы туристік әлеуетін жаңа қырынан танытатын айтулы оқиға болмақ.
Ұйымдастырушылар барша жұртшылықты осы ерекше мерекеге қатысып, қыстың ғажайып сәттерін бірге қарсы алуға шақырады.