Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +4°
$
519.61
610.13
¥
73.73
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонында үш жұп егіз әскери борышын өтеп жүр

Биыл Өскемен гарнизоны №27943 әскери бөлімінің зениттік дивизионы үш ерекше жұппен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонында үш жұп егіз әскери борышын өтеп жүр
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Қарағандыдан келген Никита мен Данил Симоновтар тайға таңба басқандай бір-бірінен айнымайтын егіз болса, тарбағатайлық Айдос пен Елдос Жанболатұлдарының ағайынды екені бір қарағаннан-ақ байқалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Никита мен Данил Симоновтар.jpg

Қос егіз №27943 әскери бөліміне күзгі шақырту кезінде келіп түсті. Бастапқыда жеке құрам оларды шатастырып алған кездер де болды. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін офицерлер мен сержанттар сарбаздарды түр-тұлғасы мен мінез-құлқы арқылы ажыратуды үйреніп келеді.

Айдос пен Елдос Жанболатұлдары.jpg

Егіз жігіттердің бөлімге келуі жеке құрамға ерекше серпін берді. Олар бір-біріне ұқсағанымен, қызметке деген көзқарасы, тапсырманы орындау тәсілі жағынан әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Біздің міндет — олардың әскери дағдыларын дамытып, бір-біріне тірек болып, нағыз бөлім абыройын сақтайтын жауынгерлер ретінде тәрбиелеу. Егіздер арасында командалық рух жоғары, бұл взводтың жалпы ынтымағына да жақсы әсер етеді, – деді зениттік дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары лейтенант Нұрбек Бердіш.

Бүгінде жас сарбаздар мамандық бойынша дайындық бағдарламасынан өтіп жатыр. Нышан белгілерін тану, қару-жарақпен жұмыс істеу, саптық дайындық және дене жаттығулары – күнделікті оқу жоспарының негізгі бөлігі. Командирлердің айтуынша, егіздер тапсырмаларды жылдам меңгеріп, бір-біріне демеу болып үлгеріп жүр.

Қос егіз бүгінде зениттік бөлімшенің жауынгерлік есептоптарына бөлініп, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр.

Бізге әскерге шақырту келгенде, еш ойланбастан Отан алдындағы борышымызды өтейміз деп шештік. Қазір біз ең күшті дивизионда, ең керемет сержанттардан тәрбие алып жатырмыз, – деді Данил Симонов.

Бұдан бөлек, көктемгі шақыртумен қатарға қосылған сарбаздардың ішінде Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылынан келген Әмелбек Нұрсұлтан мен Ерсұлтан да бар. Бүгінде олар шабуылдау батальонында қызмет атқарып жүр: Нұрсұлтан – атқыш, ал Ерсұлтан – граната атқыш лауазымында. Тәртіпті, ширақ әрі жауапкершілігі жоғары бұл сарбаздар взводтың жауынгерлік дайындығын нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Әмелбек Нұрсұлтан мен Ерсұлтан.jpg

Осылайша Өскемен гарнизонында күзгі шақыртумен келген егіз жауынгерлер мен қатарға қосылған жас сарбаздар армия өміріне тез бейімделіп, бөлімнің біртұтас ұжымына айналып үлгерді. Алдағы қызметте де олардың ел қорғанысын нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім мол.

Следующая →