Шығыс Қазақстан облысының дамуына үлес қосқандар марапатталды
Облыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Өңірдің бірнеше тұрғыны мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстанның жетістіктері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың және шығысқазақстандықтардың күн сайынғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ұлы Абайдың "Түбінде баянды еңбек – егін салған" деп айтқаны бар. Бұл сөз бүгінгі таңда ерекше мәнге иә, – деді облыс әкімі.
Марапатталғандардың қатарында өңірдің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген әртүрлі сала өкілдері бар:
- Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ринат Жылқышинов
- жеке кәсіпкер Бақытжан Кудышева
- Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі "Тепловодоцентраль" КМК-ның 3-разрядты күл шығарушысы Наталья Гохколенко
- қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Совет Иманғалиев

