"Өскемен-1" теміржол вокзалы кеңейтіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қайта жаңғырту жұмыстары жүргіп жатқан "Өскемен-1" теміржол вокзалына барып, бақылап қайтты

Жобаға сәйкес, вокзалдың санаты жоғарылап, ғимараттың жалпы ауданы 700 шаршы метрден 1800-ден астам шаршы метрге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мердігер мекеме - "Промтехмонтаж" ЖШС.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта ғимараттың беларқа мен қаттылық диафрагмасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ертең аяқталады.
10 желтоқсанда 1-ші қабатты қаптау және арматураны байлау басталады. Ал 5 күннен кейін 1-ші қабаттың жабынына бетон қабылдау күтілуде. Келесі күні қабатты газоблоктармен толтыру жұмыстары жүргізілмек. Ал 17 желтоқсаннан бастап 2-ші қабаттағы жұмыстар басталуы тиіс.
Осы жылдың аяғына дейін екінші қабаттың төбесі жабылады деп жоспарлануда. Жұмыстың сапалы жүргізілуі жіті бақылауға алынған. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жерүсті өткелдерін салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен келіссөз жүргіземіз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, воказлда 30-дан астам адам және 2 техника жұмыс істеп жатыр.