Өскемендегі Ұлттық ұланның әскери бөліміне алпыстан астам жас сарбаз келді
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөліміне келген жас толымның алғашқы легі Абай мен Павлодар облыстарынан шақыртылған

Жоспарға сәйкес, жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскер қатарына жаңадан келген сарбаздарды жауынгерлік өмірге бейімдеу үшін психологтар әрқайсымен жеке әңгімелесіп, жан-жақты зерделеп, әрі қарай әскери өмірдің қыр-сырын үйрету мақсатында взвод командирлеріне табыстайды.
Еліміздің бес облысынан келетін 2-2025 жылғы шақырылым сарбаздарының саны 200-ден асады. Жас толымның алғашқы легін теміржол вокзалынан әуелеген оркестрмен қарсы алдық. Оларға әскери міндеттері түсіндіріліп, бөлім тарихы таныстырылды, - дейді №5518 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Серік Ноғаев.
Сарбаздарды зерделеу кезінде білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиеттеріне басты назар аударылады.. Жас толым үшін Отан алдындағы борышты өтеу - алға қойған алғышарттардың бірі.
Мен әскерге өз еркіммен келдім. Отан алдындағы борышты өтеу барысындағы ең маңызды қасиеттер - төзімділік, тәрбие және адалдық. - дейді қатардағы жауынгер Алмас Жәнібеков.