Өскеменде сиыр еті әлеуметтік бағамен сатылады
"Ертіс" ӘКК тұрақтандыру қоры арқылы сиыр еті тұрақты бір бағамен сатылуда - келісі 2790 теңге

Әзірге ет қаладағы бір сауда орнында сатылады, келесі аптада тағы бір дүкен қосылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен Қағидаларға сәйкес өңірде "айналым схемасы" шеңберінде "Ертіс" ӘКК тұрақтандыру қоры арқылы сиыр етінің бағасы тұрақтандырылуда.
Осы схема шеңберінде "Украинка" шаруа қожалығынан әкелінген сиырдың (жауырын, төс) еті тұрақты әлеуметтік бағамен саудалануда, - деп хабарлайды ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы. – Қазір сиыр етінің бір келісі 2790 теңгеден "Allmart" фирмалық дүкенінде сатылады: Самар тас жолы, 5. Келесі аптадан бастап сауда нүктелерінің санын көбейту жоспарлануда. Қосымша Қабанбай батыр көшесі, 124/1 мекенжайындағы "ALLmart" дүкенінде сатыла бастайды.