Өскемен
малооблачно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
503.89
-4.31
587.54
-2.28
¥
71.33
-0.56
6.48
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Рухты теңдік" фестивалінің үздіктері марапатталды

Бүгін әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілетін күн

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Рухты теңдік" фестивалінің үздіктері марапатталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Осыған орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана мен облыстық филармония ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен "Рухты теңдік" инклюзивті фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фестивальге Өскемен қаласы, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім және Үлкен Нарын аудандарынан әр жастағы шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты.

Филармония фойесінде қатысушылардың түрлі қолөнер бұйымдары, суреттері қойылса, сахнада әуелетіп ән шырқалып, нақышына келтіріліп өлең оқылды.

Баға жетпес мәдени мұрамызды зерттеу, сақтау, насихаттау және молайту - бәріміздің ортақ әрі аса маңызды міндетіміз. Әсіресе ерекше қажеттіліктері бар талантты да шығармашыл жандардың өнері, еңбегі мен жігері айналасындағыларға шабыт беріп, мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып отырғанын ерекше атап өткім келеді.​ Барлық қатысушыларға толағай табыс, жаңа жетістіктер, шалқар шабыт пен өз күштеріңізге деген сенім тілеймін, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

  • вокал - Айболат Құнапиев (Күршім ауданы)
  • аспаппен өнер көрсету - Радмир Видахмет, Саянат Асарова, Досым Кенжебек және Айдын Мұхамеджанов бар ансамбль (Өскемен қаласы)
  • авторлық шығармашылық - Татьяна Медведева (Өскемен қаласы)
  • бейнелеу өнері - Станислав Савинов (Өскемен қаласы)
  • қолданбалы өнер - Зульфира Ерқасымова (Үлкен Нарын ауданы)

Басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар мен демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар берілді.

Следующая →