Өскемен
пасмурно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +4°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    +6°
$
516.86
-1.82
598.68
-1.59
¥
72.97
-0.30
6.58
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде пәтер тоналды, шығын – 10 млн теңге

Пәтерден зергерлік бұйымдар мен қомақты сомада ақша ұрланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде пәтер тоналды, шығын – 10 млн теңге
Фото:
ШҚО ПД

ШҚО полициясы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"102" арнасына Өскемен қаласының 34 жастағы тұрғыны хабарласып, үйіне біреудің кіріп кеткенін айтқан. Алғашқы алынған мәліметтер бойынша, күдікті дәліздегі пластикалық терезе арқылы кіріп, ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асқан, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, сондай-ақ оның басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Ұрланған қаражат пен әшекейлер иесіне қайтарылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді – дабыл құрылғыларын (сигнализация) орнатуды, сенімді құлып қолдануды және терезелерге қорғаныс торларын қоюды ұсынады.

Следующая →