Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +7°
$
518.19
-1.22
597.32
-3.53
¥
72.84
-0.20
6.43
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде дөңгелек үстел басында жастар мәселесі талқыланды

Отырыста жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтардың, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі сөз болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде дөңгелек үстел басында жастар мәселесі талқыланды
Фото:
Устинка LIVE

Оған Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахметжанов, ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақсана Қаленова, психологтар, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің, сондай-ақ қаланың белсенді жастары қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мамандар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершілігі, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, тәуелділіктің түрлерімен күресу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың себептері мен факторлары мәселелерін қозғай отырып, нақты жағдайлармен, тәжірибелерімен, бақылауларымен бөлісті.

Әркім мәселені өз тарапынан көтере отырып, ортақ бір шешім табуға тырысты:

  • жасөспірімдер неге қиын сәтте жолдан таяды
  • қалай дабылды дер кезінде байқауға болады
  • құқықбұзушылық пен жаман әдеттерге тәуелділіктің артында не жатыр
  • неліктен балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жиі қауіп факторына айналады

Болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты осы бағыттар бойынша қаншалықты жүйелі және тиімді әрекет ететінімізге байланысты, - дейді Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахметжанов. - Бүгінгі таңда жастар арасында суицид, құқық бұзушылықтар мен ойынқұмарлық мәселелерін болдырмау, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамның басты назарындағы тақырыпқа айналды. Біздің мақсат – қиындыққа тап болған әрбір жасқа сүйеніш болу, олардың өз әлеуетін аша алатын қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Бұл – тек мамандардың емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі.

Жергілікті билік өкілі атап өткендей, жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру маңызды: спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер, волонтерлік жобалар, жастар орталықтары. Тек биылдың өзінде қалалық әкімдік "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша стритворкаут және футбол зоналары бар 16 аула, 16 балалар ойын алаңын және 9 спорт алаңын салып берді.

Біз жасөспірімдер, олардың қорқыныштары, қателіктері, мүмкіндіктері жайлы және ересектер оларға қиын сәттерді қалай көмектесе алатыны туралы сөйлестік, - дейді Қоғамды дамытуды ақпараттық қолдау қорының басшысы Ольга Свириденко. – Бастысы әр маман жасөспірімдермен жұмыс барысындағы қиындықтар, күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер жайында ашық айтты. Әркім мәселенің нақты шешімін ұсынды. Осыған сүйеніп қазір біз мемлекеттік органдар мен серіктестерімізге практикалық ұсыныстар дайындап жатырмыз.

Следующая →