Ертең Өскеменде бір уақытта бірнеше жерде жәрмеңке өтеді
22 қараша күні Өскемен қаласында бес ауданда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Фото:
Устинка LIVE
Жәрмеңкелердің жұмыс уақыты әдеттегідей таңғы 8.00-ден 15.00-ге дейін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өтетін орындар:
- "Алтай" КСО - Жібек жолы көшесі, 44 - "Туған жер – алтын бесігім" жобасы аясында Марқакөл ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады;
- "ДосНар" сауда үйі - Виноградов көшесі, 17а;
- "Теміржолшылар саябағы" - Тынышпаев көшесі, 122 (Защита шағынауданы);
- "Керуен" сауда үйі - Өтепов көшесі, 3 (ЖМК ауданы);
- "Валентина" сауда үйі - Б. Шаяхметов көшесі, 13 (Согра ауданы).
Тұрғындарға қой, сиыр, жылқы және шошқа еті, сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жемістер, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер дүкендегіден арзан бағада сатылады.