Өскемен
малооблачно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +10°
$
519.41
-1.60
600.85
-2.58
¥
73.04
-0.22
6.41
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да құны 55 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылады

Бұл өңірде 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да құны 55 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгінде облыста жаңа инвестициялық жобалар қалыптасуда. Тізімде жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асатын 81 жоба бар, оның 64-і белсенді іске асырылу кезеңінде. Биыл құны 55 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылады, нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Қыркүйекте өткен "Altai Invest" форумы инвестициялық белсенділікке айтарлықтай серпін берді. Шараға 10 елден 300-ден астам қатысушы жиналды. Форум нәтижесінде 740 млрд теңгеге 40 меморандум жасалды. Бұл өңірдің елдегі жетекші инвестициялық алаңдардың бірі екенін дәлелдеді, - дейді аймақ басшысы. - Ерекше назар тау-кен металлургия кешенін дамытуға бағытталуда. Жоспарда Ново-Лениногор, Долинное, Чекмарь және басқа да келешегі зор учаскелерді игеру бар. Жақын уақытта Тарбағатай ауданында тау-кен байыту комбинатын, ал Ұлан ауданында "Alatau Lithium" және Krída Corporation кәсіпорындарын салу жобалары басталады.

Сонымен қатар, өңірде техногендік әдіспен шикізат өндіру дамып келеді. Бұл бұрын қолжетімсіз болған қорды айналымға енгізуге және ескі қалдық сақтау қоймаларынан бағалы металдарды өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан атом энергетикасы үшін отын жеткізушілердің алдыңғы қатардағы ұстанымын нығайтуда: "Ульба-ТВС" кәсіпорны отын жинақтарын өндіру бойынша жобалық қуатқа жетті.

Следующая →