Өскеменде Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді
Марқакөлдік өнерпаздар ән кешін беріп, көрме ұйымдастырады

Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов
Сондай-ақ ауданның шаруа қожалықтары ауыл өнімдерін алып келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы аптада "Туған жер – алтын бесігім" жобасы аясында табиғаты көркем, халқы еңбекқор, рухы биік қасиетті өлке – шығыстың інжу-маржаны Марқакөл ауданының күндері өтеді.
Бағдарламада:
- 21 қараша күні сағат 18.00-де Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы ШҚО филармониясында гала-концерт
- 22 қараша күні сағат 08.00-де Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайындағы "ALTAY" көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі