Бүгін түнде Өскемендегі бірнеше үй жылусыз қалады
Астана, Қашаубаев көшелері мен Назарбаев даңғылындағы бірнеше тұрғын үйде ертең күні бойы жылу болмайды

"Шығыс Жылу" АҚ ақпаратынша, 19 қараша күні түнгі сағат 02.00-ден 19.00-ге дейін жылу жүйесіндегі компенсаторды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жоспарлы түрде ТК 551-ден ТК 561-ге дейінгі ТМ 500 жылу магистралі аумағындағы ғимараттарға жылу беру тоқтатылады. "Шығыс Жылу" АҚ жұмыс барысында уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Жылу жүйесінің бұл аймағы 2000 жылдан бері пайдаланылуда. 38 тұрғын үй, 28 тұрғын емес ғимаратқа жылу беру тоқтатылады. Ақауды жөндеу жұмыстарына екі апаттық бригада мен 10 арнайы техника жұмылдырылады, - деп мәлімдеді "Шығыс Жылу" АҚ.
Синоптиктердің болжуынша, ертең облыс орталығында +3+4 градус жылы болады.
Жылу өшірілетін мекенжайлар:
Көпқабатты тұрғын үйлер: Әміре Қашаубаев көшесі, 1, 3, 5, 9, 13; Астана көшесі, 4, 6, 8, 10; Космический көшесі, 4, 4/1, 6, 6/1, 8, 8/1, 8/2; Назарбаев даңғ., 1, 2, 3, 3/1, 5, 5/1, 6, 7, 7/1, 8, 9, 10, 11, 11/1, 11/2, 12, 12/1, 12/2, 14, 14/1, 14/2, 18.
Заңды тұлғалар ғимараты: Әміре Қашаубаев көшесі, 1, 3/, 5/1, 7, 7/1, 7/2; Астана көшесі, 4, 10/а; Достоевский көшесі, 6, 6/1, 6/а; Космический көшесі, 6/2, 6/3, 8; Назарбаев даңғ., 1/1, 2, 3/3, 4, 5/2, 5/3, 5/5, 7, 8/1, 9/1,11, 14, 16, 18.