ШҚО-да шошқа фермасы экологиялық заң талаптарын бұзған
Кәсіпорында жобада көзделген қалдықтарды сусыздандыру құрылыстары болмаған, сарқын су далаға рұқсатсыз төгілген

Сондай-ақ экологтар қалдықтардың арнайы жабдықталмаған орынға жинала бергенін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"ВК-Бекон" ЖШС 8 мыңға жуық шошқа өсіреді. Жергілікті тұрғындардың арызынан кейін ШҚО экология департаменті фермада тексеріс жүргізген.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332, 344, 325, 327-1 және 328-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру материалдары Өскемен қаласының әкімшілік сотына жіберілді, - деп хабарлады экология департаменті.