Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
524.94
+2.45
602.79
+1.72
¥
73.66
+0.32
6.45
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан ардагерлері күнін атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Құқықтық тәртіптің қалыптасуында елеулі рөл атқарған, қызмет жолында мол тәжірибе жинап, оны жас буынға үлгі еткен ардагерлерге құрмет пен ізет жасалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс өңірлік қолбасшылығының Ардагерлер кеңесіне тоғыз жүзден астам зейнеткер мүше боп тіркелген. Олардың ішінде оннан астам Ауған соғысының тәжік-ауған шекара қақтығысының және Таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері бар.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі атап өткендей, Ардагерлер кеңесі Ұлттық ұлан сапына қосылған мерзімді әскери қызметшілердің ант беру рәсімінен бастап, әскери бөліммен қоштасқан сәтіне дейінгі түрлі жауынгерлік қызмет пен мерейлі іс-шараларда қолдау танытып келеді. Аға буыннан құралған топтың қамқорлығы тек сарбаздармен шектелмейді. Олар көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына жиі барып, материалдық және моральдық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, зейнеткерлерді де назардан тыс қалдырмай, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөледі. Ардагерлердің демеушілігімен бірқатар күрделі оталар жасалып, әлеуметтік көмек көрсетілген. Сондай-ақ олар Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің әскери сыныптарына тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгердің есімін беруде елеулі үлес қосты.

Ардагерлердің өнегелі жолын дәріптеу және жастар арасындағы патриоттық тәрбиені қалыптастыруға негізделген шараға әскери ардагерлер мен әскери әскери қызметшілер, Өскемен қаласындағы мектептердің басшылығы мен "Жас Бүркіт" әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары қатысты.

Біздің мектеп үшін ардагерлер кеңесі атқарған іс-шаралардың ауқымы кең. Әсіресе, кеңес төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаевдың оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беруде қыруар жұмыстар атқарды. Оқушылар Айдар Оразбаевтың арқасында әскердің қандай екенін өз көзімен көріп, жауынгерлік қызметпен танысты. Алдағы уақытта Ұлттық ұланмен байланысымыз одан сайын нығая түседі деген ойдамын, - дейді №24 орта білім беретін мектеп директоры Ләззат Мәуітхан.

Следующая →
Тақырыптар: Ұлттық ұлан