Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
524.94
+2.45
602.79
+1.72
¥
73.66
+0.32
6.45
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да күн суытқалы 58 өрт оқиғасы тіркелді

Оқыс оқиғаның көбі абайсыздықтан, электр жабдықтары мен тұрмыстық электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудан болған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да күн суытқалы 58 өрт оқиғасы тіркелді
Фото:
ШҚО ТЖД

Сондай-ақ балалардың отпен ойнауы және төсекте шылым шегу салдарынан да өрт шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметінше, өрттің 40%-ы отты абайсыз пайдаланудан, 27%-ы пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан, ал 21%-ы электр жабдықтары мен тұрмыстық электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудан болған. Сонымен қатар балалардың отпен ойнауы және төсекте шылым шегу салдарынан болған өрттер де тіркелді.

Рейдтік іс-шаралар барысында мамандарымыз 9000-нан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтады. Олардың ішінде пеш және электр сымдарының ақауы, қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалану сияқты заңбұзушылықтар бар. Азаматтардан абай болуды сұраймыз. Ұшқын шығаратын розетканы уақтылы жөндеп, ашық отты қолданғанда сақ болған дұрыс, себебі оның зардабы ауыр болуы мүмкін, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Өрт шыққан жағдайда дереу "112" нөміріне хабарлау қажет.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт Пеш жағу