ШҚО спортшыларына киім тігетін компанияның шикізатын шекарадан өткізбей қойған
Осылайша алдыңғы қатарлы кәсіпорынның тігін өндірісі тоқтап қала жаздады

"AMANAT" партиясының көмегімен мәселе тез арада шешілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Отандық тігін өндірісі саласында табысты еңбек етіп келе жатқан "Альприма" компаниясы бүгінде спорттық киім тігу бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі саналады. Компания 2013 жылы Андрей Дегунковтың бастамасымен құрылған және бүгінде кәсіби спортшыларға арналған жоғары сапалы киімдер шығарумен айналысады.
"Альприма" брендімен тігілген спорттық киімдер Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан кезде қолданылған. Сондай-ақ компания өнімдерін ШҚО жеңіл атлетика федерациясы, "Алтай" волейбол клубы, "Торпедо" хоккей клубы және теннис орталығы тұрақты түрде пайдаланып келеді.
Фабрика заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, өнім өндірісінде жоғары технологиялы басып шығару әдістері мен сапалы материалдар қолданылады. Отандық өнім сапасын дәлелдеген кәсіпорын "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауының жеңімпазы атанып, СТ KZ сертификатына ие болды.
Қыркүйек айында "AMANAT" партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Альприма" компаниясының басшысы Андрей Дегунков тігін өндірісіне қажетті шикізаттың шекарадан өткізілуінде туындаған қиындықтарды айтып, партиядан көмек сұраған болатын. Бұл мәселе назардан тыс қалмады. "AMANAT" партиясының бастамасымен кәсіпкердің өтініші Парламент қабырғасында көтеріліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде мәселенің түйіні шешіліп, кәсіпорынның шикізаты шекарадан кедергісіз өткізілуіне мүмкіндік туды.
Біздің өтінішімізге уақтылы назар аударып, мәселені шешуге атсалысқан "AMANAT" партиясына алғыс айтамын. Партияның қолдауының арқасында өндірісіміз тоқтап қалмай, жұмысшылардың еңбегі үзілмеді. Мұндай қолдау – кәсіпкерлер үшін үлкен демеу және мемлекет пен бизнестің өзара ынтымақтастығының жарқын көрінісі, – дейді кәсіпкер Андрей Дегунков.
"AMANAT" партиясы бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату арқылы ел экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу, өндіріс орындарын қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету – партия қызметінің басты бағыттарының бірі.


