ШҚО-да Республика күніне орай жас суретшілер байқауы өтті
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана "Қыран елім - Қазақстан" облыстық жас суретшілер байқауын ұйымдастырды

Бұл байқау оқушылардың қиялын, елге деген сүйіспеншілігін және шығармашылық әлеуетін айшықтай түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім ұялату, бейнелеу өнері арқылы елдік құндылықтар мен тәуелсіздіктің рухын дәріптеу, шығармашылық қабілетті дамыту.
Өнер додасына барлығы 21 қатысушы қатысты. Олардың қатарында қаламыздағы "Сурет" үйірмесінің, "Pro ART" студиясының, ШҚО білім бөлімінің №45 орта мектептің, сондай-ақ "Креативный ART" балалар үйірмесінің жас қылқалам шеберлері өз туындыларын ұсынды, - дейді ұйымдастырушалар.
Жас суретшілердің жұмыстары келесі тақырыптар бойынша қабылданды:
- "Менің Қазақстаным - бейбіт ел"
- "Тәуелсіздік - басты құндылығым"
- "Туған жерімнің табиғаты"
- "Рухани жаңғыру. дәстүр мен болашақ"
Әр жұмыс идеяның бірегейлігіне, көркемдік деңгейіне және орындау шеберлігіне қарай бағаланды. Байқау жұмыстарына әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинова, Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы болды.
Байқау жеңімпаздары:
- Бас жүлде - Алтай Амина
- 1-орын - Пайзрахманова Жанайым
- 2-орын - Мукашева Маржан және Асланқызы Алима
- 3-орын - Липина Милана және Алтаев Нұрсұлтан
Сонымен қатар, "Жас қылқалам шебері" арнайы жүлдесімен Жәнібек Мәди, "Ең үздік патриоттық сурет" арнайы жүлдесімен Темірбекова Арайлым марапатталды.