Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
538.53
-0.03
623.94
-1.71
¥
75.59
-0.06
6.59
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Республика күнін өскемендіктер қалай атап өтеді?

Республика күніне орай облыс орталығында мерекелік шаралар жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Республика күнін өскемендіктер қалай атап өтеді?
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына биыл 35 жыл болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

17-25 қазан аралығында Оралхан Бөкей атындағы кітапханада "Қазақ киносы апталығы" өтуде. Мекенжайы. Е.П. Славский жағалауы, 22.

24 қазан (бейсенбі):

  • 11.00 - Ұлттық киімдер дүкені "Tarbiya-ның" ашылуы және "Шапандар шеруі" - ұлттық киімдер шеруі (Сәтбаев даңғылы, 79а).

25 қазан (жұма):

  • 11.00-12.00 - Шығыс Қазақстан өнер музейінде өтеді "Бабалар рухы" атты жергілікті суретшілердің байқау-көрмесі.
  • 11.00-14.00 - Арбатта Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің фотокөрмесі және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
  • 11.00-14.00 - Қасым Қайсенов атындағы этнопаркте "Бірлігі жарасқан Қазақстан" атты мерекелік бағдарлама өтеді.
  • 11.00-14.00 - Өлкетану музейінде "Күмістің сиқыры мен жарқылы" атты көрме өтеді.
  • 11.00 - Қала көшелерінде "Отанның орны жүректе" атты акциямен оқырман трамвайы жүреді. Онда қала тұрғындары мен қонақтары мереке тарихымен және еліміздің үздік авторларының шығармаларымен таныса алады.
  • 12.00 - "Император" сауда үйінде "Қыран елім - Қазақстан!" атты мәдени бағдарлама өтеді.
  • 13.30-18.00 - "MAXI MALL" сауда-ойын-сауық орталығында "Елімнің еркін рухы" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
  • 16.00 - "Алтай" сауда орталығында "Алтай" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің "Мәңгілік жаса, туған елім!" атты концерті өтеді.
  • 17.00 - "MAXI MALL" сауда орталығында "Рухы биік - Республика" атты театрландырылған концерт өтеді.
  • 17.00 - Қ. Қайсенов атындағы этнопаркте "Қазақстан бірлігі" атты мерекелік шара өтеді.

Қаланың сауда желілерінде "Береке Fest" акциясы өтуде. Оның аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен келесі супермаркеттерде сатылады. "Ситицентр", "Колос", "Волна", "Самал", "45-дегі гастроном", "Керуен", "Алтай Маркет", "Достық". Акция қазан айының соңына дейін жалғасады, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігі. - 15%-дан 49%-ға дейінгі жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар "Sulpak", "Технодом", "DNS", "Magnum" дүкендерінде қолжетімді.

Следующая →