Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
538.53
-0.03
623.94
-1.71
¥
75.59
-0.06
6.59
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Өскемендегі әскери бөлімдерді тексерді

Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков құқықтық тәртіп әскерінің Өскемендегі Дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығын және әскери бөлімдерді аралады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұланның бас қолбасшысы  Өскемендегі әскери бөлімдерді тексерді
Фото:
t.me/qr_iim_uu

Генерал-майор өңірлік қолбасшылыққа қызметті ұйымдастыру ісін одан әрі жетілдіруді, оның қауіпсіздігі мен сапасын заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Орталықтың оқу бағдарламасында тактикалық дайындық, төтенше жағдайларды жою, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолдану, физикалық және компьютерлік қауіпсіздік жүйелерін меңгеру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау дайындығын жетілдіру мәселелері қамтылған.

Бас қолбасшы тәжірибелік сабақ өткізуге арналған орындарды көрді. Дағдарысқа қарсы оқу орталығының қызметкерлері қазіргі заманғы дрон және антидрон жүйелерін үйрету әдістемелерімен таныстырды.

Бұдан бөлек А. Балтабеков "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерді аралады. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жедел мақсаттағы №5518 әскери бөлімінің, мемлекеттік маңызды нысандарды күзететін №3477 әскери бөлімі командатураларының қызмет барысын тексерді.

Сондай-ақ түзеу мекемелерін күзететін №6699 әскери бөлімінің тыныс-тішілігімен танысты.

Следующая →