Катонқарағайлықтар Өскеменде қымыз ішуден сайыс өткізеді
Облыс орталығында "Туған жер - алтын бесігім" жобасы аясында екі күн бойы Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін катонқарағайлық өнерпаздар концерт берсе, ертең ауданның шаруалары жәрмеңке ұйымдастырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
17 қазан күні:
- 17.00-де облыстық филармония ғимаратында (Протозанов көшесі, 43) "Берел" мұражайының жәдігерлері мен жергілікті өнімдер көрмесі
- 18.00-де Катонқарағай өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті
18 қазан күні сағат 8.00-ден бастап Алтай көтерме-тарату орталығында сенбілік жәрмеңке өтеді, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. - Қала тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт өнімдері, бал мен көкөніс арзан бағада саудаланады. Дәл осы жерде ұлттық ойындар, қол күресі, арқан тарту, бал, қой көтеру мен қымыз ішуден жарыс өтеді.