Өскемендегі "Жас бүркіт" патриоттық клубының жаңа мүшелері ант берді
Өскемен қаласындағы №5518 әскери бөлімінің базасында №49 мектептің оқушылары "Жас бүркіт" әскери-патриоттық клубының қатарына қабылданды

Жас өрендерге салтанатты түрде "Жас бүркіт" клубының куәліктері табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскери саптағы тәртіп, көк байрақ және ант беру сәті – барлығы жас бүркіттердің бойында мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятты.
Бүгін біз үшін маңызды әрі қуанышты күн, – дейд "Жас бүркіт" клубының мүшесі Алтынай Ринатқызы. – Біз мұнда тәртіп пен батылдықты, ең бастысы – елге деген сүйіспеншілікті үйреніп жүрміз. Болашақта еліміздің абыройын қорғайтын нағыз патриот болғымыз келеді.
Бүгінде "Жас бүркіт" патриоттық қозғалысы еліміздің көптеген мектептерінде табысты жұмыс жүргізіп, жас ұрпақты отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Сендердің бойларыңдағы рух, қызығушылық пен патриоттық сезім бізге үлкен үміт сыйлайды. Әрдайым елге адал, арманға берік, жүрегі отаншыл азамат болыңдар. Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерің ешқашан сөнбесін! – деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының ардагері, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев.