Өскемен
малооблачно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +17°
$
541.54
+1.48
629.16
+0.91
¥
76.04
+0.18
6.64
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Қан кешкен ханзадалар" кітабының тұсаукесері өтті

Бұл кітап Шыңғыс ханнан Тәуекел, Ораз-Мұхаммедке дейін; Тұғырыл ханнан Тайбұға, Сейдаққа дейінгі ханзадалар тарихынан сыр шертеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Қан кешкен ханзадалар" кітабының тұсаукесері өтті
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапханадан

Кітапты Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлы жазған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кітаптың тұсаукесерін А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырды.

Жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлы Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында дүниеге келген. 1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы ШҰАР ағарту инситутын, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унверситетінің аспирантура (филология) бөлімін тәмамдаған.

Тарихи шығарма жазғанда, оқиға өрбіген жерді көріп барып жазу — менің сүйікті тәсілім. Шындық пен көркемдіктің кілті сол далада жатыр. Сен даламен тілдесесің, ол да саған сырын ақтарып, қаламыңа қанат бітіреді. Өр Алтай жерінде, Ертіс жағасында туып-өскенім де шабыт берді, - дейді Жәди Шәкенұлы.

Автордың "Ақбота", "Балқаймақ", "Қытайдағы қазақтар", "Бір уыс сәуле", "Қаралы көш", "Жалғыздың үні", "Ақбалапан", "Жәнібек батыр" атты кітаптары жарық көрген. "Ақбота" кітабы Қытайда, "Ақбалапан" кітабы Түркияда басылып, өзге ел оқырмандарының оң бағасын алды.

Балаларға арналған мысал әңгімелері Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарының "Ана тілі" оқулығына, зерттеулері әдебиет теориясы жинақтарына енген.

"Талбесік" (ҚХР ақындары), "Жиһаншах" (Ақыт Үлімжіұлы), "Оспан батыр", "Жас толқын", "Толғауы тоқсан қызыл тіл", "Армысың Атамекен", "Күнгей бет" (ҚХР ақындары), "Ер Жәнібек" (1-том), "Оспан", "Жүзім бағы" кітаптарын құрастырып шығарды. Шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған.

Следующая →