Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
541.63
-4.04
632.24
-4.17
¥
76.08
-0.57
6.61
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралдыда өлген малдан улану фактілері анықталмаған

Маралды ауылындағы 8 малдың өліміне қатысты ветеринариялық қызметтер жан-жақты зерттеу жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Маралдыда өлген малдан улану фактілері анықталмаған
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мамандар жұқпалы аурулардың да, уланудың да белгілері анықталмағанын айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 19-20 қыркүйекте Маралды ауылында 8 ірі қараның белгісіз себептен өлгені тіркелген болатын. Жергілікті халық бұл ауыл маңындағы алтын қазушы компаниялардың суды ластауынан деп топшылаған. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен дереу құрылған арнайы топ оқиға орнына келіп жетті. Мал өлекселерінен, су мен топырақтан сынама алынып, ветеринариялық зерттеулер, вакцина егу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. 

Экологтар жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, рН деңгейі, қалқымалы заттар, аммоний, мұнай өнімдері, цианид, ауыр металдар және басқа да элементтер бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркелмеді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен (3).jpg

Зерттеу нәтижелері бойынша сібір жарасы, пастереллез және эмфизематозды карбункул сынды аса қауіпті жұқпалы аурулардың белгілері анықталмаған. Токсикологиялық тексеру де улану фактілерін көрсетпеді, тек натрий хлориді мөлшерінің аздаған артықтығы байқалды. Қазіргі уақытта мамандар малдың өліміне нақты не себеп болғанын анықтау мақсатында жем-шөпке, су мен топыраққа және биоматериалдарға қосымша зерттеу жүргізуді әлі де жалғастырып жатыр. Осындай жұмыстар Үлкен Нарын ауданының Балғын және Көктерек ауылдарында да өткізілмек, - деді ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.

Қазіргі уақытта Маралды ауылындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жаңа мал өлімі тіркелмеген. Ветеринарлар күн сайын малдың жай-күйін қадағалап отыр. Сондай-ақ мал өлімі себептерін тереңірек зерттеу мақсатында су, жайылымдағы жем-шөп және өзге де сынамалар тұрақты түрде алынып, зертханалық сараптама жүргізіліп келеді.

Следующая →