Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +15°
$
546.96
-2.19
642.73
-1.15
¥
76.83
-0.31
6.7
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік полицейлер балаларға жол ережелерін шоу түрінде түсіндірді

Жол қозғалысы ережелеріне арналған шоу "Юбилейный" кинотеатрында 8 қазанға дейін жалғасады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік полицейлер балаларға жол ережелерін шоу түрінде түсіндірді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Алғашқы күннің өзінде бұл шараға 500-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында жол қозғалысы ережелеріне арналған интерактивті бағдарламасы бастау алды. Балаларға арналған танымдық ойын-сауық шоуын Өскемен қаласы полиция басқармасы қала әкімдігімен және "Юбилейный" кинотеатрымен бірлесіп ұйымдастырды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің жолда қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру.

Алғашқы күннің өзінде бағдарламаға 500-ден астам оқушы қатысты. Олар интерактивті тапсырмалар мен викториналарға қатысып, жол жүрісі қағидаларын білу бойынша өзара сынға түсті. Шара соңында балалар анимациялық фильм тамашалады.

Жас қатысушылар тек негізгі жол қозғалысы талаптарын қайталап қана қоймай, полиция қызметкерлеріне сауалдар қойып, нақты жол жағдайында қалай әрекет ету керектігі бойынша пайдалы кеңестер алды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – балалардың жастайынан жол ережесін сақтаудың маңызын түсінуі. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Балалардың белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетуі бізді қуантады, - дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков.

Сонымен қатар, кинотеатр алдындағы алаңда полиция қызметкерлері қызметтік патрульдік автокөліктер мен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техниканы көпшілік назарына ұсынды.

Еске сала кетейік, жол қозғалысы ережелеріне арналған шоу "Юбилейный" кинотеатрында 8 қазанға дейін күн сайын өтеді.

Следующая →