Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Taza Qazaqstan: ШҚО-да жастар мен эко-белсенділер арасында ашық диалог өтті

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында экологиялық қозғалыс өкілдері мен студенттер кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Taza Qazaqstan: ШҚО-да жастар мен эко-белсенділер арасында ашық диалог өтті
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Жиын жас ұрпақтың табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау ісіне деген ықыласын бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шараға экологиялық волонтер Людмила Евженкова мен арт-директор Анастасия Черномаз қатысты.

Людмила Евженкова табиғатты қорғауға бағытталған жобалар туралы кеңінен тоқталып, экологиялық волонтерліктің қыр-сырымен бөлісті. Ол қоқысты сұрыптап жинаудың, "жасыл" бастамаларға белсене араласудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келер зиянды азайтуға бағытталған заманауи тәсілдерге назар аудартты.

Анастасия Черномаз өз кезегінде өнер мен шығармашылықтың экологиялық құндылықтарды дәріптеудегі қуатты құралға айнала алатынын көрсетті. Ол жаңа ой қалыптастыратын, қоғамға серпін беретін арт-жобалардың мысалдарын келтіріп, жастарды ізгі бастамаларға жігерлендірді.

Бұл жүздесу нағыз диалог алаңына айналып, студенттер пайдалы кеңестер тыңдап қана қоймай, көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық деңгейдегі экологиялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысып, табиғатты аялаудың ортақ іс екеніне көз жеткізді.

Следующая →