Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға тұмауға қарсы вакцинация әлі жеткізіген жоқ

Ал тұмауға қарсы екпе науқаны биыл 15 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жалғасады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға тұмауға қарсы вакцинация әлі жеткізіген жоқ
Фото:
Устинка LIVE

Жалпы облысқа тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасын сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпараты бойынша, ағымдағы жылы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым 2025 жылдың 1 қазанынан бастап, 2026 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.

2025-2026 эпидемиялық маусымында A/H3N2 вирусының белсенді айналымы A/H1N1pdm09 және B (Victoria) типті тұмау вирустарымен қатар жүреді деп күтілуде. ШҚО ДСБ деректері бойынша ЖРВИ мен тұмаудың ағымдағы эпидемиологиялық маусымында Шығыс Қазақстан облысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасын сатып алу жоспарланған. Тұмауға қарсы екпе науқаны биыл 15 қыркүйекте басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Қазіргі таңда қоймаларға тұмауға қарсы вакцинация әлі жеткізіген жоқ. Аакцинаны жеткізу мерзімі кейінге шегерілді, 25-29 қыркүйек аралығына жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД.

ЖРВИ және тұмаудың эпидемиялық маусымына дейін тұмауға қарсы екпені тәуекел топтарға жататын облыс тұрғындары (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, мүгедек балаларға арналған интернат балалары, мектеп- интернат оқушылары, балалар үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті,  созылмалы аурулары бар ересектер, 60 жастан жоғары ересектер және эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жататындар) алады. Сонымен қоса екпе алуға ынтасы бар адамдар ақылы немесе жұмыс берушінің есебінен екпе алуға мүмкіндігі бар.

25 қыркүйекке дейін облыста тұмауға қарсы екпе алғандар жоқ. 

Следующая →