Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +22°
$
544.26
634.72
¥
76.27
6.52
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое ауданынан 11 мың келі ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі

Осы сенбіде Өскеменде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое ауданынан 11 мың келі ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі
Фото:
pixabay

Қала тұрғындары мен қонақтарына Глубокое ауданының ауылшаурашылық өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

27 қыркүйекте "Алтай" КТО аумағында Глубокое ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

11 500 кг ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 4000 кг сиыр еті, 3000 кг жылқы еті, 350 кг құс еті, 350 кг ысталған өнім, 1000 кг көкөніс, 1000 литр күнбағыс майы, 250 кг көлемінде нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 350 кг сүт өнімдері ұсынылады, 250 кгконсервілер, 350 кгбал және бал өнімдері, 350 орман өнімдері және басқалары, - деп мәлімдеді Глубокое ауданы әкімдігі.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бағаға мониторинг жүргізді және жәрмеңкелерде сатылатын өнімдерге келесі бағаны ұсынады:

  • сиыр етінің төс сүйегі - 3200 теңге/кг
  • жылқы еті - 3100 теңге/кг,
  • картоп - 140 кг/кг,
  • сәбіз - 120 теңге/кг,
  • пияз - 100 теңге/кг,
  • қырыққабат - 100 теңге/кг,
  • күнбағыс майы - 750 теңге/литр,
  • құс еті-2000 теңге/кг,
  • сары май - 4500 теңге/кг,
  • жұмыртқа - 480 теңге/он данасы.

Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 392 жәрмеңке өткізіліп, 1,4 млрд теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылған, - деп мәлімдеді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы. - Ал 4 қазанда Самар ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Следующая →