Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл 150-ден астам әйелден гинекологиялық қатерлі ісік анықталған

Дәрігерлер өңірде ерте диагностикалау жұмыстарының оң нәтиже көрсеткенін айтады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл 150-ден астам әйелден гинекологиялық қатерлі ісік анықталған
Фото:
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы

Осы сенбіде Өскеменде және барлық аудандық ауруханаларда гинекологиялық қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, гинекологиялық қатерлі ісіктер әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың қатарында және барлық онкологиялық жағдайлардың 18% құрайды. Олардың ішінде жатыр мойны обыры ең көп таралған. Жатыр және аналық без обырының сырқаттанушылық деңгейі әр елде 4–5% шегінде.

Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасында онкологиялық аурулар ішінде екінші орында. Жыл сайын елде шамамен 4000 гинекологиялық қатерлі ісік жағдайы тіркелсе, оның ішінде 1900 жатыр мойны обырына тиесілі. Жыл сайын осы патологиядан шамамен 600 әйел көз жұмады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 152 гинекологиялық қатерлі ісік жағдайы тіркелген. Атап айтқанда, жатыр мойны обыры – 59, жатырдың дене обыры – 60, аналық без обыры – 33 әйелде анықталған.

Осы ретте ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина өңірде ерте диагностикалау жұмыстарының оң нәтижесін атап өтті. 2025 жылы сырқаттардың 73% астамы бірінші кезеңінде анықталған, ал былтыр бұрын бұл көрсеткіш небары 51% құраған. Мұндай нәтиже скринингті күшейту мен дәрігерлердің қырағы жұмысының жемісі. Тек 8 айда 27 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, бұл жылдық жоспардың 67% құрады.

Скринингтің тиімділігі дәлелденді. 334 жағдайда обыр алды аурулар анықталды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. 11 әйелде жатыр мойны обыры тіркелді, олардың 82% бірінші кезеңде анықталды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы мұндай жағдай небәрі 5 болған, олардың екеуі ғана ерте кезеңде анықталған еді, – деді Гүлмира Сағидуллина.

Осылайша, скрининг ауруды клиникаға дейінгі сатысында анықтап, табысты емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкогинекология және маммология бөлімінің меңгерушісі Серік Мұхамеджанов скринингтен өткізу, әсіресе, тәуекел топтарындағы әйелдерді уақытылы тексеруге жолдау және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде 2024 жылдан бастап Қазақстанда 11 жастағы қыздарға жүргізіліп келе жатқан АПВ-ға (адам папиллома вирусына) қарсы вакцинацияның маңыздылығына тоқталды.

Халықтың гинекологиялық қатерлі ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында, 27 қыркүйекте сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Өскемен қаласындағы ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында, сондай-ақ облыстың барлық аудандық ауруханаларында бірыңғай ашық есік күні өтеді.

Акция аясында кез келген азаматша онкогинеколог-дәрігерлерден тегін білікті кеңес ала алады. Өздерімен бірге жеке куәлігін алып келсе жеткілікті, учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді.

Следующая →