Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да алғаш рет Достық үйлерінің республикалық конгресі өтіп жатыр

Бүгін Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай алғаш рет Достық үйлерінің республикалық конгресі басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да алғаш рет Достық үйлерінің республикалық конгресі өтіп жатыр
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Екі күнге созылатын шараға еліміздің барлық өңіріндегі 100-ден астам Достық үйінің, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен жастар қатысып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біздің ортақ міндетіміз – әр ұлттың дәстүрлерін сақтап қана қоймай, оларды жаңа мазмұнмен байытып, келер ұрпаққа аманаттау. Достық үйлері – бірлікті нығайтудың, қоғамдық келісім мен этносаралық диалогты дамытудың негізгі тірегі. Өскемен қаласында 33 жыл бұрын Қазақстандағы тұңғыш Достық үйі ашылған еді. Бүгінде мұндай орталықтар еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп келеді. Ендігі мақсатымыз – осы мол тәжірибені дамыту түсу, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстандағы 8 Достық үйінің қоғамды біріктіру миссиясын жемісті жүзеге асырып отырғанын тілге тиек етті.

Конгресс барысында этносаралық келісімді нығайту тетіктері талқыланып, Достық үйлерінің үздік тәжірибелері ортаға салынды.

Ертең де жалғасатын конгресс Риддер қаласында қорытындыланады. Онда "Ассамблея жастары" жастар мектебі ашық диалог, еркін пікір алмасу форматында өтіп, этносаралық келісімге қатысты алдағы жұмыстың бүге-шүгесі талқыға салынбақ.

Следующая →