Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
545.01
+2.34
642.84
+3.95
¥
76.65
+0.35
6.52
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнен Алтай ауданына есірткі жеткізіп жүргендер ұсталды

28 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адам мамыр айынан бері психотроптық заттарды сатумен айналысып келген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнен Алтай ауданына есірткі жеткізіп жүргендер ұсталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Олар Понтон көпірі маңында жасырылған есірткіні іздеп жүрген жерінен полицияның қолына түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы қызметінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен, психотроптық заттарды таратты деген күдікпен 28 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында олардан ұнтақ тәріздес 30 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат жалпы салмағы 29,91 грамм α–PVP психотроптық заты болып шықты, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандар биыл мамыр айынан бастап тұрақты түрде Өскеменге "жасырынған заттарды" алу үшін келіп отырған. Кейін олар оны Алтай қаласына жеткізіп, "жасырып қойып кету" тәсілі арқылы таратқан. Барлық әрекеттер мессенджер арқылы белгісіз куратормен жүзеге асырылып отырған.

Аталған факті бойынша "Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жіберу" бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Следующая →