ШҚО драма және оперетта театры үлкен жеңіспен оралды
12-17 қыркүйек күндері Талдықорғанда "BIKEN FEST" ІІІ халықаралық театр фестивалі өтті

Фото:
Устинка LIVE
Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік театрлар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бикен Римова атындағы театрдың 50 жылдық мерейтойына арналған фестивальға ШҚО драма және оперетта театры Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" драмасымен өнер көрсетіп, "Үздік сценография" номинациясын жеңіп алды.
Бұл - режиссерлік шеберлік, сахналық креатив пен ұжымдық еңбектің жеңісі.