Халықаралық чемпионатта жүлде алған өскемендік студентті ШҚО әкімі құттықтады
ШҚО әкімі WorldSkills EuroSkills Herning 2025 медальонының иегері Артём Мочинскимен кездесті

Артём Мочинский - "Кәсіби шеберлігі үшін" медальон иеленген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 4-курс студенті "WorldSkills Shygys 2024" өңірлік чемпионатының жеңімпазы және "WorldSkills Kazakhstan 2024" ұлттық чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан құрамасы сапында ол Данияда "Мехатроника" құзыреті бойынша табысты өнер көрсетіп, жоғары халықаралық бағаға ие болды.
Шығысқазақстандық жастардың халықаралық аренадағы жетістіктері – кәсіби дайындық пен ұстаздардың қолдауының нәтижесі. Артёмның жеңісі – тек колледждің ғана емес, бүкіл облыстың мақтанышы, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Өз кезегінде Артём Мочинский мұндай беделді халықаралық чемпионатта табысқа жету оңай болмағанын айтты.
Әсіресе, жаңа контроллерлерді бұрын таныс болмаған жабдыққа қосуға тура келген үшінші күн ең қиын сынақ болды. Дегенмен бұл жарыстардан кейін күрделі жағдайларда әрекет ету және шешім қабылдау жылдамдығым артты. Колледжді аяқтаған соң жергілікті университетке оқуға түсу жоспарда бар, – деді Артём Мочинский.
ШҚО әкімі Артём Мочинскийге алғыс хат пен смарт сағат табыстап, алдағы сайыстарда жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.