Өскеменде емтихан тапсыруға арналған заманауи автодром ашылады
"B" санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыратын жаңа автоматтандырылған автодром жұмысын 15 қыркүйекте бастайды

Алаң қазіргі заманғы стандарттарға толық сәйкес келеді және автоматты (АКПП) және механикалық (МКПП) беріліс қорабы бар көліктерге арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Емтихан тапсыру үшін "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы кезек алып қоюға болады.
Автодромның іске қосылуы емтихан кезектерін қысқартуға, жүргізушілерді дайындау сапасын арттыруға және практикалық емтихан тапсыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи автодром, электронды кезек және барлық талаптардың сақталуы – бұл біз ұмтылатын стандарт, – деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ШҚО бойынша филиалының директоры.
Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында өткізіледі.
Автодром Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні 08.00-ден 12.00-ге дейін. Жексенбі – демалыс күні.